ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП БІРҚАТАР ДӘРІЛЕР ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

Жаңа жылдан бастап бірқатар дәрілер тегін беріледі. Бұл қатарға дене қызыуы көтерілген балалар, диспансерлік бақылауды қажет ететіндер, орфандық аурулар, ауыр сырқаттар, аллергиясы бар науқастар кіреді. Жалпы бұған дейін жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектердің тізімі 2020-шы жылдан бастап, яғни міндіндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген соң кеңейтіледі. Тек рецептсіз берілетін препараттар ғана сатылады. Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмиа Бюрабекованың сөзінше дәрі-дәрмектердің дені бірыңғай дистрибьютордан сатылып алынған. Тегін препараттармен қамтамасыз ету бұйрығына қол қойылған соң тұрғындар тізімдегі дәрілерді тегін ала алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу