Жаңаөзендегі дау министрлік деңгейде шешілмек

Жаңаөзендегі еңбек дауы енді Үкімет деңгейінде шешілмек. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Маңғыстау өңіріндегі ахуалды реттеуге арнайы инспекторлардың жіберілгенін жеткізді. Бұған дейін мәселені облыс әкімі Серікбай Тұрымов шешуге тырысқан. Бірақ оны тыңдаған жұрт жоқ. 200-ге жуық еңбеккер өткен аптадан бері ереуіл ұйымдастырып жатыр. Талаптары жалақыларының шетелдіктермен теңесіп, кемі 65%-ға дейін өсірілуі. Тақырыпты тілшіміз Құралай Пионер тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу