Жарылыстан үйі зардап шеккен арыс тұрғынының жанайқайы

Үйін соңына дейін жөндеп бермеген мердігерлерге Арыс тұрғыны шағымдануда. Былтыр жарылыстан зардеп шеккен Нұрлыбаевтар отбасы суық үйде қыстап шығыпты. Арыс тұрғыны жіберген кадрларды экраннан көріп отырсыздар. Есік-терезесі, едені жоқ үйде 4 адам тұрып жатыр. Жарылыстан кейін бұл аймаққа Алматы облысы жауапты болған. Алайда, олар құрылысты соңына дейін жеткізбей кетіп қалған. Тек көрнекілік үшін сыртын ғана сылап-сипап, ішін сол қалпы қалдырған. Ал құжат бойынша бітті деп бекітіпті. Нұрлыбаевтардың айтуынша, үй тұруға жарамсыз. Бірақ барар жерлері жоқ. Карантинге дейін жөндеп береміз деген билік әлі уәдесін орындамаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу