Жарылыстан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті

Түркістандағы қонақүйде болған жарылыстан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті. Оның 6-уы өрт сөндіруші болса, 3-уі полиция қызметкері. Түрлі деңгейде күйік шалған тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл жайында Облыстық төтенше жағдайлар депатаменті хабарлауда. Оқыс жайттан соң қала тұрғындары арасында да қан қысымы көтеріліп, «стресс» диагнозымен медициналық көмек алып жатқандары да болған. Оқыи оқиға кеше кешкі сағат 7 –лер шамасында тіркеліпті. Түркістанның Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйі аумағында газ тасымалдаушы көлік жарылған. Қызыл жалын 1400 шаршы метр аумақты шарпып барып, ауыздықталды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу