ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ МА?

2020 жылы жастар саясаты туралы жаңа кешенді бағдарлама әзірленеді. Мұны да мемлекет басшысы айтты. «Алдағы кезеңде мемлекеттік органдар жастарға қолдау көрсету үшін бірқатар міндеттерге баса назар аударуы қажет. Ең алдымен, жастар саясаты туралы жаңа кешенді бағдарлама керек деп санаймын. Онда қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары жан-жақты ескерілуі тиіс. Жастар саясаты жөніндегі жалпы тұжырымдама 20 жыл бұрын әзірленген. Қазіргі уақытта осы салада түрлі бағыттағы бағдарламалар өте көп. Сондықтан жастар саясатына кешенді көзқарас керек», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда жастарға мемлекет қолдау көрсетуі қажет пе ? деген сауал туындайды. Жағдай жасаған сайын жастар еркінсіп, еркелеп кетпей ме? Сұрақтардың жауабын студияға келген меймандардан білемін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу