Жастарды баспанамен қамтудың қандай жолдары бар?

Жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту жобасы 2022-ші жылдан бастап аймақтарда да іске қосылмақ. Әрине, әңгіме басы байлы түрде емес жалға ұсынылатын пәтерлерге қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша әзірге үш мегаполисте ғана іске асырылып жатқан бағдарламаның нәтижесі келер жылы көзге көрінеді. Жылдың басында жолға қойылған жоспарлар Жастар жылы аяқталуға шақ қалғанда ғана белсенді бола түскені қалай? Бұл сұрақтардың жауабын әріптесім Жалғас Зейнолла депуттардан сұрап көрмек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу