Жеке меншік балабақшалардың бағасын бақылауға алынды

Қарағанды қаласының әкімдігі жеке меншік балабақшалардың бағасын бақылауға алды. Себебі ана-аналар мектепке дейінгі білім беру мекемелері қосымша ақша сұрап мазалайтынын айтып, әкімдікке шағым түсіре бастапты. Облыс орталығында 109 балалар бақшасы мен шағын орталық болса оның 58-і мемлекеттік, 51-і мемлекеттік тапсырыс орындайтын жеке меншік мекемелер. Бүгінде аймақта бір балаға айына, ата-ана 11 мың теңге төлесе, қалалық әкімдік қазынасынан қосымша 27 мың теңге бөлінеді. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі шамаман екі миллиард теңгеге жуық. Алайда, жеке меншік балабақшалардың иелері бұл сомманың аз екенін алға тартып, бағаны көтеруді сұрап отыр. Өз кезегінде шенеуніктер кәсіпкерлерге қаржының жұмсалуы бойынша ашық әрі толық есеп беріңдер деген талап қойды. Мамандардың айтуынша, Қарағанды қаласында балабақшада орын н жетіспеушілігі жоқ. Дегенмен, жылдан жылға халық санының артуына байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне сұраныс артып отыр. Сол себепті жеке меншік балабақшалардың жұмысына қатаң бақылау жасалмақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу