ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША ИЕЛЕРІ ҮКІМЕТКЕ НАРАЗЫ

Бала көп, ал оны қарайтын адам жоқ. Бюджеттен бөлінетін қаржы тіптен жетпейді. Бүгін жекеменшік балабақшалар үкіметке осындай наразылығын білдірді. Қазір елімізде олардың саны 3700-ден асып жығылады. 80 пайызы меншік нысанды жалға алып ісін дөңгелетіп отырғандар. Айтуларынша мемлекет берген қаржының 50 пайызы жалға кетеді. Миллиондаған несиелерді айтпағанда, қызметкерлердің жалақысын төлеу қиындаған. Салдарынан жылдар бойы оқып-тоқытқан мамандар жаппай жұмыстан шығуда. Толығырақ тілшіміз Айзат Қайырлыбекқызы тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу