Желтоқсан айынан бастап электр энергиясы 6%-ға қымбаттайды

Энергетика министрлігі электр қуатының өзіндік құнын 15,7%-ға көтеріп жіберді. Енді соның кесірінен қарапайым халық үшін баға желтоқсан айынан бастап, 6%-ға қымбаттатылмақ. Табиғи монополияларды реттеу комитеті бүгін осындай мәлімдеме жасады. Ведомство төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, жарықтың қымбаттауына олардың түк қатысы жоқ. Себебі маусымдық кезеңге сәйкес көмір, теміржол тасымалы және газ сынды реттелмейтін тауарлардың ақысы да өскен. Ал оны бақылауға комитеттің құзыреті жеткіліксіз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу