ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ МЕН АТАМЕКЕН БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Жемқорлыққа қарсы қызмет және «Атамекен» ҰКП бизнесті қорғау және оған жәрдем беру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда бизнестің жол картасы бағдарламсы аясында кәсіпкерлер үшін бір терезе қағидасы бойынша барынша көмек көрсетіледі. Яғни бизнесмендер көкейкесті сауалдарын осы жерде қоя алады. Бұдан бөлек, «Protecting Business and Investments» жобасы да іске қосылған. Ол арқылы кәсіпкер әкімшілік кедергілерге тап болмай, жемқорлық іс қимылдардан аулақ болады. Бұған бірінші кезекте бұл жобаның арнайы мамандары және жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметкерлері көмектеседі. Соңғы статистика бойынша 590 орынға мектеп салмақ болған кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу