Жемқорлықтан қазынаға келген шығын – 23,2 млрд тг

Жалпы жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы қызмет 2 121 заңбұзу фактісін анықтаған. Оның 1 590-ы жемқорлық жағдайлары. Осы орайда айта кетейін, Трансперенси Қазақстан әлеуметтік сауалнама жүргізіп, соңғы 12 айда сұралғандардың 77,2%-ы қандайда бір мәселе бойынша мемлекеттік органдарға жүгінгендерін анықтаған. Олардың 13,4% сұрақты бейресми жолмен, яғни сыйақы түрінде шешу қажеттілігіне тап болыпты. Мұндай жағдайлардың дені Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Респонденттердің айтуларынша, жемқорлық жағдайларының 60% - ы мемлекеттік органдарда, атап айтқанда, емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, жоғары оқу орындарындары мен бала бақшаларда орын алған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу