ЖЕРДІ БӨЛІСЕ АЛМАҒАН ШАРУАЛАР ЖАНЖАЛДАСЫП ҚАЛДЫ

Шығыс Қазақстанда жерді бөлісе алмаған шаруалар жанжалдасып қалды. Қарақшылар қымбат техникаға қарудан оқ атып, терезелерін сындырып кеткен. Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, мұндай кикілжіңге ауыл шаруашылығы компаниясына мүше бірнеше қатысушының бөлініп шығу ниеті себеп болды. Бастапқыда, бұл мәселенің өзі бейбіт жолмен шешілмепті. Салдарынан 1,5 миллиард теңгеге шығын келді әрі техникадан айырылып отыр. Әйнектерді ауыстыру және жөндеу тек ақшаға тіреліп тұрған жоқ. Себебі, еуропалық техникаға қажет қосалқы бөлшектерді айлап күтуге тура келеді. Артынша, бұл мәселеге құқық қорғау органдары мен жергілікті билік араласты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу