ЖЕТІ МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ИПОТЕКАСЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

Жаңа жылдан бастап 7 мыңнан астам азамат ипотекасын қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды. Атамекен бизнес телеарнасының ресми сауалына жауап берген Ұлттық банк өкілдері осылай деп мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес әлеуметтік осал топқа жататындар 2020 жылдың 10-қарашасынан бастап несие алған банкке барып, өтініш қалдыруға болады. Сондай-ақ несиемен алынған жалғыз баспанасы банктің иелігіне өтіп кеткендер де аталмыш көмекке жүгіне алады. Ұлттық банктегілер әр тұрғынның мәселесі жеке қаралатынын айтады. Керек құжаттарды несиені рәсімдеген банктен білуге болады. Айта кететін тағы бір жайт- пайыздық үстемесін әр банк өзі анықтайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу