ЖОҒАРҒЫ СОТ СІМ БҰРЫНҒЫ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ А. ҚАРАШЕВҚА ҚАТЫСТЫ ҮКІМДІ ТҮСІНДІРДІ

Жоғарғы сот Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты үкімді түсіндірді. Мәлімдеулерінше, прокурор сотта экс-шенеуніктің пара алды деген айыптауын алып тастаған. Осылайша, жаңа тұжырымдаманы ұсынды. Яғни сот Қаршаевтың іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп көрсеткен. Осылайша экс-шенеунікке екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Анарбек Қарашев елшілік ғимаратның құрылысы бөлінген қаражаттарды жымқырғандығы және кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталған болатын. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу