ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАНДАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ АРТУЫ МҮМКІН

Елімізде жұмыссыз қалғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері артуы мүмкін. Еңбек министрінің сөзінше, қазір азаматтарға жоғалтқан табысының 40 пайыз көлемінде әлеуметтік төлем жасалады. Бұл орташа есеппен 30-40 мың теңгені құрайды. Онсызда коронавирустың кесірінен әлі күнге дейін 700 мың адам жұмыссыз қалып отыр. Сондықтан бұл күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Жағдайы қиындап кеткен халыққа мемлекеттен тағы қандай қолдау шаралары жүргізілмек. Бұл туралы әріптесіміз Арай Сүгірбай айтып беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу