Жыл басынан бері 33млрд теңгенің 31 мемлекеттік нысаны жекешелендірілді

Жыл басынан бері елімізде жекешелендіру аясында 33 млрд теңгеге 31 нысан сатылды. Жыл соңына дейін тағы 36 нысан саудаға шығарылады. Есепті кезеңде 62 нысан аукционға қойылды. Мұны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Оның сөзінше, Бүгінгі таңда жекешелендірудің кешенді жоспары 91% -ға орындалды. Сонымен қатар, 19 нысанды қайта құру және тарату туралы шешім қабылданды. «Біз 2020 жылдың соңына дейін 100%-ға жекешелендіруді орындауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу