ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АПАТ САЛДАРЫНАН ЖАРТЫ ҚАЛА ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛДЫ

Павлодардың жылу электр орталығында болған ірі апаттың салдары жойылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Естеріңізге сала кетсек, қақаған аязда жарты қала жылусыз қалды. Тек халықтың толассыз хабарларынан кейін істен шыққан №1 жылу орталығының тұтынушылары екінші және үшінші жылу қазандықтарына қосылды. Ал апаттың неден орын алғанын тікелей байланысқа шығып тұрған аймақтағы тілшіміз айтып беруге әзір.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу