АҢДАТПА: КАРАНТИНДІК ЖОСПАР! Үкімет қатаң шектеу шараларын қайтадан енгізбекші. Ол қашанға дейін созылады? Жұртқа наурыздағыдай әлеуметтік жәрдемақы беріле ме? Бұл туралы сәлден соң...
ДӘСТҮРДЕН ЖАҢЫЛМАЙДЫ. Науқастардың саны күн құрғатпай артып жатса да, Астана күні тойланатын болды. Бұл эпидем ахуалды ушықтырып жібермей ме? Мерекелік шараға қанша ақша кетеді? Жалғас Зейнолла анықтады...
ӘКІМДІ ЖАҒАДАН АЛА ЖАЗДАДЫ. Шымкентте 1 жылдай баспанасын ала алмай жүрген салымшылар шу шығарды. Банктің қырық өтірігінен шаршағандардың мәселесін шешуде әкім неге қауқарсыз? Бұл жолғы әәдесі қашан орындалады? Айнұр Ақбаева айтып береді...
АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ! Енді бір адамға 3 қораптан артық дәрі берілмейді. Препараттың құны осылай шарықтап тұра бере ме? Оның бағасын Үкімет неге реттей алмай отыр? Айзат Қайырлыбекқызы назарына алды...
АУАДАЙ ҚАЖЕТ. Қай өңірдегі ауруханалардың жансақтау бөлімдері оттегі баллонынсыз қалуы мүмкін және оған кәсіпкердердің не кінәсі бар? Жауабы – хабар барысында...
ӘР БАЛАҒА 11 МЫҢНАН БЕРІЛЕДІ. Бүгіннен бастап жәрдемақы мен зейнетақылардың көлемі өсті. Кім қанша алатын болады? Бұл туралы сәлден кейін...
Басты жаңалықтар. 01.07.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана