Бүгінгі шығарылымда:
• ШАРТТАРЫ БЕКІТІЛДІ. Несиелер маусым айына дейін тоқтатылады. Кредитті кейінге қалдыру үшін қандай құжаттар қажет? Несие тарихына әсер ете ме? Тақырыпты Жәния Әбдібек тарқатады.
• БАСҚА АМАЛ ЖОҚ! Үкімет сырттан 3 млрд долларға қарыз алады. Не үшін? Тілшілеріміз анықтады...
• ЖАҢА КӨРСЕТКІШТЕР! Коронавирусты жұқтырғандардың саны 430-ға жуықтады. Індетпен күреске қосымша 125 миллиард теңге бөлінеді. Қаржының қайда жұмсалатынын алда айтамыз...
• КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Елімізде жолаушылар пойызы, ақыры, тоқтатылатын болды. Карантин кесірінен жолдан қалғандардың ақшалары қашан және қалай қайтарылады? Жауабы сәлден кейін...
• БЕЙНЕ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕЙНЕТІ! Жұрт жаппай қолданып жатқан ZOOM бағдарламасы тұрғындарды сан соқтыруы мүмкін. Дүние-мүліксіз, ақшасыз қалдыратындай қауіп бар ма? Алмас Амангелді түсіндіріп береді...