02.11.2020 20:00 Басты жаңалықтар

ҚАЙДА КЕТКЕНІ БЕЛГІСІЗ. Экс-министр Біртановтің қамауға алынғалы жайлы ақпарат әлі расталмады әрі жоққа да шықпады. Кім оны жасырып отыр? Неге? 

Жалпы жоғары лауазымдағы тұлғалардың қамалуы бойныша бұл созбаламға салынып жатқан бірінші жағдай емес.

Ал Батыс Қазақстан облысының бас дәрігері 2 айға тұтқындалды. Шенеуніктің 10 млн теңгені алғаны қаншалықты рас?

Және "Адам ағзасын заңсыз алды" деп айыпталған танымал трансплантолог Құттымұратовқа сот үкім кесті. Ол ақталып шықты ма?

ШЕКТЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАРБАЛАС. Шығыс Қазақстанда кіріп-шығу қиындап, ПТР тест тапсырушылар арасында шу шықты.тСынама алып үлгермей жатқан зертханашылар тесттің құнын әдейі қымбаттатып жіберген бе? 

Ал Париж тұрғындары локдаун басталғанға дейін қаладан жаппай кетіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы болса, үйінде оқшауланды. Оның бұл қадамы – қауіптің күшейгенін білдіре ме? 

НЕ ӘРІ, НЕ БЕРІ ЕМЕС! Ресей жалға алған «Байқоңырда» кәсіпкерлер өз бизнестерін жауып жатыр. Бұл отандық іскерлерді нарықтан ығыстырудың амалы ма?

ШОШҚА ӨСІРГЕН ТИІМДІ МЕ? Кереку билігі балық шаруашылығының демін үзіп, басқа кәсіп ашуы мүмкін. Президенттің балық шаруашылығын дамытуға қатысты тапсырмасы ескерусіз қалған ба?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу