Бүгінгі шығарылымда:
• ДЕМАЛЫС ЖАЛҒАСАДЫ! Нұр-сұлтан мен Алматыдағы күшейтілген режим тағы бір аптаға ұзартылды. Ал Шымкент ертеңнен бастап карантинге жабылады.
• КОРОНАВИРУС КҮШЕЙІП БАРАДЫ! Қауіпті дерт Қостанай облысына да жетті. Індеттің таралуын алдын алу үшін еліміздегі сотталғандар да аурудың бар-жоғын анықтайтын сынама тапсыра бастады.
• ХОСТЕЛДЕРГЕ ТЫҚЫР ТАЯНДЫ! Туристер санының күрт азаюына байланысты Алматыдағы шағын қонақ үйлер шетінен жабылып жатыр.
• БАЗАЛЫҚ СТАВКА ТАҒЫ ӨЗГЕРДІ! Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады.
• ОНЛАЙН ОҚУ БОЛМАЙДЫ! Білім және ғылым министрі қашықтан білім беруге интернеттің қауқары жетпейтінін мойындады.