ҚОРДАЙ ІСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ. Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген 51 адам сот алдында жауап бере бастады. Сот залына айыпталушылардың жақындары неге кіргізілмеді?
ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨТІНІШ. Маңғыстаудың бас санитар дәрігері аймақтағы карантиндік шараларды жеңілдетуді сұрайды. Министрлік рұқсатын бермей отыр ма?
БІЛІМІН ЕЛДЕ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН БОЛДЫ. Шетелде оқитын екі мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысты. Біздің мамандар шетелдегідей білім бере ала ма?
БОРАТ «МҰРАТЫ» МА?! Енді туды балконға ілгендер жазаланбайды. Жалауды үйдің қас бетіне қоюға жұрт неге қарсы? Туды тағы қандай мақсатта пайдалануға болады? Қазір нарықтағы көк байрақтың құны қанша?
КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – ЕРКЕКТЕР. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көбіне Шығыс пен Солтүстіктің ер азаматтары бақилық болады. Ұртоқпақ келіншектердің көбейгені ме? Әлде жігіттердің өздері кінәлі ме? Алда айтамыз...