Осы шығарылымнан көріңіздер:
• Атырауда жан түршігерлік оқиға! Облыс орталығының дәрігерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінді.
• Ақмола облысында жоғары шенді полицейлер ұсталды. Олар жылдар бойы жүйелі түрде мемлекет мүлін талан-таражқа салып келген.
• Жеке меншік колледж иелері дабыл қағуда. Олардың айтуынша білім саласын реттейтін жаңа заң кәсіптік білім беру мекемелерінің түбіне жетуі мүмкін.
• Халықтың қалтасын қағып келген. Қарағанды қаласының әкімдігі жеке меншік балабақшалардағы бағаны бақылауға алды.
• Қазанның бірінші жексенбісі мұғалімдер күні. Осыған орай елорданың үздік ұстаздары марапатталды.