04.11.2019 20:00 Басты жаңалықтар

Осы шығарылымнан көріңіздер:

• ҚИСЫҚ БАЛКОН ЖҰРТТЫҢ ҮРЕЙІН ҰШЫРДЫ.  Елордада тұрғын үйдің терезелері сынып, әне-міне құлағалы тұр. Әкімдік «иесіз» қалған кешенінің қожайынына сілтеуде. Жел тұрса, үрейлері қашатын тұрғындар біздің арнадан көмек сұрады. 
• ҚАСТАНДЫҚ ПА? САЛҒЫРТТЫҚ ПА? Шымкентте бүтін бір отбасы уланып, екі бүлдіршін көз жұмды. Бір үйдің тұрғындары газдан улануы мүмкін бе? Әлде қылмыс қасақана жасалды ма? Алда айтамыз...
• ТІС ДӘРІГЕРІ ІСТІ БОЛМАҚ! Ақтауда баланы жұлқылаған стоматолог, ақыры, жұмыстан қуылды. Ауру баласын кабинетте жалғыз қалдырып кеткен анасы да жауапқа тартыла ма? Қате кімнен? Тілшілеріміз анықтап көрді. 
• ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР! «Сыбағаның» шапағатын көрмеген ақтөбелік шаруалар шеруге шықты. Бар былықтың бетін ашқан фермерлердің жағдайы одан бетер қиындап кетпей ме? Биліктегілер, бұл жолы, қандай уәдемен шектелді? Жауабы сәлден кейін... 
• ӨҢІРЛЕРДЕГІЛЕР ДЕ ҮМІТТЕНЕ АЛАДЫ. 12 мың теңгелік пәтерді жалдау жобасы 2022 жылы мегаполистен басқа аймақтарда іске қосылады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу