46-ШЫСЫ КІМ? Трамп та, Байден де жеңіске жеткеніне сенімді. Қазір дауыс саны есептеліп жатыр. Соңғы нәтиже қандай?
КЕНЕДЕЙ ЖАБЫСҚАН КОВИД. Елімізде коронавирусты екінші рет жұқтыру дерегі тіркелді. Антиденелер әлсірейтін болса, дертпен ауырған жүз мыңнан астам адам қайта төсек тартып қалуы мүмкін бе? Бұл ретте кеселді жұқтырғандар санының азаятын түрі жоқ. Тіпті, блокпосттар да орнатылды. Ал Парижде әр 30 секунд сайын 1 науқастан тіркелуде. Коронажағдай сәлден соң...
БІР ТИЫН ДА ТИМЕГЕН! Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлердің бірде біреуі мемлекеттік қолдауға ие болмаған. Мұнда да бәке-сәкелерге жол беріліп отыр ма? Қиындыққа тап болған млндаған бизнесменді Үкімет ойламаса, көмек қайдан келеді?
ЗЕЙНЕТАҚША ДА КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ! Депутаттар тиісті заң жобасын мақұлдады. Шекті соммасы өзгерді ме? Неге тек 700 мың салымшы өз қаржысын алады? Ақшаға шын мұқтаж жандар назардан тыс қалған ба?
ҚҰПИЯ ҚҰРЫЛЫС. Алматылықтар қаланың қақ ортасында салынып жатқан күмәнді нысаннан қауіптенуде. Кім не тұрғызып жатыр? Құрылыстың паспорты жоқ, нысаны жоқ. Жазылмаған кім жүргізіп жатқандығы.
Ал талдықорғанда ақшаларын ала алмай жүрген құрылысшылардың өздері шу шығарды. Коттеджі қалашыққа тапрысыс берген әкімдік ақшаны қайда жіберген? Алда айтамыз...