04.12.2020 20:00 Басты жаңалықтар

АҚШАҒА ТОЛЫ 3 ҚАП ҚОЛДЫ БОЛДЫ. Жаңаөзенде Инкассаторлардан 73 миллион теңгені ұрлаған қарақшылар іздестіріліп жатыр. Сбербанктің қаражаты тоналғаны рас па? Клиенттер ақшасыз қалмай ма? 

ЕГУГЕ РҰҚСАТ! Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салынатын уақыт белгіленді. Қай екпе егіледі? Оны салуға міндетті боламыз ба?

ЖЫҒЫЛҒАНҒА ЖҰДЫРЫҚ. Донордан бөлек, трансплантологтардың да тапшылығынынан өмірі қыл үстінде тұрған науқастар не істерін білмей отыр. Ағзаны ауыстыру бізде неге қиындап кетті? Трансплантологтар неден қорқып жүр? 

ТҰМАНҒА ТОЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ. Қарағандыда элиталы баспананың тұрғындары жылудың салдарынан «тұтас үй құлай ма?» деп қорқады. 
 «Жылдың соңына дейін қалыпқа келтіреміз» деген әкімдік енді қандай сылтау айтты? 

ҚҰЛДЫРАУЫН ЖАЛҒАСТЫРДЫ. Апта басталғалы теңге нығайып келеді. Оған не себеп? Доллардың айырбас бекеттеріндегі бағамы туралы сәлден соң...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу