ЖАҢАЛЫҚТАР. 05.10.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана
ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ЛАЙФХАГЫ! Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевқа қатысты үкім жұрт арасында қызу талқылануда. Экс-шенеунік жарты млн еуроны 20 жыл бойы жинағаны қаншалықты рас?
ЕЛДЕ ШЕРИФТЕР ПАЙДА БОЛАДЫ. Жергілікті полиция қызметінің реформасынан қоғамда не өзгереді? Жаңа модельдегі сақшыларға қандай құзірет берілмек?
САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ ДҮРБЕЛЕҢ. Қырғызстандағы саяси доданың нәтижесімен келіспеген жұрт жаппай митингке шықты. Олардың көздегені не? Сайлау нәтижесін биліктегілер өз ыңғайына бұрмалап алған ба?
ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРЕДІ! Алматыда театрлардың ашылуына рұқсат берілді. Қазір театр санитарлық талаптарға түгелдей дерлік дайын.
Басты талап қандай? Көрермендер бір-бірінен алшақ отыруға міндеттеле ме?
20 млрд теңгенің айыппұлын арқалаған «Қаражанбас» кен орны не істеп, заң бұзған? Күзде арзандауы тиіс ішім-жемнің құны неге қымбаттай береді? Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы легі жетті. Бұл ненің белгісі...