06.04.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Бүгінгі шығарылымда:

• ЖӘРДЕМАҚЫ ЖЫРЫ! 42 мың 500 теңгені тағайындаудың шарттары тағы өзгерді. Бұл жолы декреттегі аналар мен зейнеткерлердің көмектен қағылатыны рас па? Арай Сүгірбай тарқатады. 
• БАҒА – БҰҚАРАНЫҢ  БАҚЫЛАУЫНДА! Елімізде азық-түлік құнын реттейтін веб-платформа әзірленді. Көкөністің шарықтап кетпейтініне кім кепіл? Бұл бастамаға жұрт неге сенбейді? Тілшілеріміз анықтады. 
• БАЛАЛАР ДА ЖҰҚТЫРДЫ. Коронавирусқа шалдыққандардың саны 600-ден асты. Сәбилер ауруды қалай жұқтырған? Емделіп шыққандары бар ма? Дертке қатысты соңғы ақпараттар сәлден кейін...
• ТЕЛЕСАБАҚТАР БАСТАЛДЫ! Бүгін 3 млн оқушы  қашықтан білім алды. 4-тоқсанның алғашқы онлайн дәрісіне ауылдағылар қатысты ма? «Күнделіктің» күйі қалай? Карантиндегі оқу туралы Алмас Амангелді баяндайды. 
• ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ. Отандық ақпарат құралдары Президенттен жәрдем сұрап, ашық хат жолдады. Радио мен телеарналардың жұмысы тоқтап қалуы мүмкін бе? Алда айтамыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу