Осы шығарылымнан көріңіздер:
• ЕСІКТЕН СЫҒЫЛАП ЖҮР! Бір топ террорист Тәжікстан шекарасына шабуыл жасады. ДАИШ лаңкестері қай жерді нысанасына алды? Күнгейдегі біздің шекараға қауіп бар ма?
• АРАҚҚА ТОЙЫП, АДАМДЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ! Қарағандыда мас күйінде көлік тізгіндеген танымал кәсіпкердің кесірінен келіншек көз жұмды. Өлім аузында жатқандары да бар. Зардап шеккендер «бизнесмен жазадан құтылып кете ме?» деп қауіптеніп отыр.
• ҚЫЛМЫС ЖАСАМАСА ДА ТЕРГЕЛЕДІ! Елімізде браконьерлердің «қара тізімі» жарияланды. Бұл шара табиғат сақшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма?
• КӘСІПКЕРЛІК ЖЕТІМ ҚЫЗДЫҢ КҮЙІН КЕШПЕК! Кәсіпкерлердің төлеп жүрген салығы қайда кетіп жатыр? «Шағын бизнестің экономикадағы үлесін арттырамыз» деп жүргенде бюджет неге босап қалмақ? Жалғас Зейнолла анықтап көрді.