ЖАҢАЛЫҚТАР. 07.10.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана
БЕТІМЕН КЕТКЕН БАҒАЛАР! ПТР тестің 16 мың, ал масканың 70 теңге тұратынына Президенттің өзі таң қалды. Ана мен бала өлімінің күрт көбеюіне кім кінәлі? «Коронавирус» деп жүріп, дәрігерлер басқа науқастарға көмектесуге құлықсыз ба?
ҚАМСЫЗ ҚАРТТЫҚ! Елімізде зейнетке шығу жасы азайтылуы мүмкін.
Алпысты алқымдағандар бірден зейнеткер атана ала ма? Әйелдер мен ерлердің мерзімі теңестіреле ме?
БИЛІККЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ! Тыныштығы қашқан Қырғызстанда мэр болуға тартыс болып жатыр. Президент Жээнбеков ресми үндеуінде жұртқа қандай ескерту жасады?
НЕСИЕ АЗАЙТЫЛСЫН! Ақтау тұрғындары пандемияға байланысты ипотекаларының жеңілдетілуін талап етті. Суы да, жылуы да нашар берілетін баспана Ұлттық компанияға тиесілі ме? Сапасы сын көтермейтін үйді әкімдік қалай қолданысқа берген?
ҚЫС ТҮСПЕЙ ЖАТЫП, ЖҮРІП-ТҰРУ ҚИЫНДАДЫ! Алматы облысының тұрғындары қалың қардың кесірінен жолда қалды. Үсіп қалғандары бар ма? «Жолға шықпау» туралы ескертуді елемегендер жауапқа тартылатыны қаншалықты рас?