08.12.2020 20:00 Басты жаңалықтар

ҚАМАУДАН БОСАТЫҢЫЗДАР! 107 млн теңге ұрлады деген күдікпен ұсталған Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары бұлтартпау шарасын қайта қарауды сұрады.  Ал Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға сотталуы мүмкін. Судья үкім шығытын күнді белгіледі. 

«ТЕҢІЗДЕ» КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛДІ. Кен орнындағы жағдай күннен-күнге күрделеніп барады.  Бұл уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлердегі эпид ахуалды ескере отырып, бизнестің жұмыс істеу критериийлерін  іске қосты. 

ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП! Кәсіпкерлер ресейлік сауда желілерінің Қазақстанда ашылуы отандық нарықты тұншықтырады деп дабыл қақты.  Салада жаңа ойыншының пайда болуы қарапайым тұтынушылар үшін қаншалықты пайдалы? Әріптесім Саят Ермек анықтап көрді.

МАҢҒЫСТАУДА ТАҒЫ ГАЗ ЖОҚ. Мұнайлы ауданының тұрғындары талабын билікке жеткізу үшін алаңға шығуға мәжбүр болды.  Ал Өскемендегі «Ертіс» көпірін кеңейту жұмыстары аяқталар емес. Қазынадан бөлінген миллиардтар енді қайтарыла ма? Қайнар Егізбай анықтады.

ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАБЫЛДЫ.  Еріктілер бір жылда не тындырды. Алда айтамыз. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу