Коронавирус өрши түсті. Тағы екі өңір «қызыл аймаққа» енді. Ал Атырау облысында дәрігер тапшы. Өңірге 200-ге жуық маман керек. Инфекция жаппай тараса науқастардың жайы не болмақ?
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алатындарға салықтық жеңілдік жасау ұсынылды. Есесіне кәсіпкерлер үшін жаңа салық енгізіледі. Оның құны қанша болады? Жалғас Зейнолла есептеді.
Әбден тозығы жеткен. Жезқазғандағы көп қабатты 26 үй апатты деп танылды. Бірақ тұрғындар әлі көшірілмеген болып шықты. Бұл уақытта Балқашта ғимараттың қабырғасы опырылды. Адамдар аман ба? Алда айтамыз.