13.04.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Бүгінгі шығарылымда:

• ШЕКТЕУ КҮШІН ЖОЯДЫ. Енді бизнес субъектілеріне жұмыс істеуге рұқсат берілетін болды. Нақты қай сала қызмет көрсетуін жалғастырады? Маңызды ақпарат сәлден соң...
• НАНДЫ ҚАРЫЗҒА АЛЫП ЖҮР! Семейде автопарк қызметкерлері жәрдемақы да, жалақы да төленбегенін айтып, шу шығарды. Уәде етілген 42 мың 500 неге берілмей жатыр? Тілшілеріміз анықтады. 
• ҚАЙДАН ЖҰҚҚАНЫ БЕЛГІСІЗ!  Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлердің дені науқастармен мүлде байланыста болмаған. Былықтың бетін ашқан ақхалаттылардың мәселесі қалай шешілмек? Бұл туралы хабар барысында...
• ЕЛГЕ ЕМЕС, ЖЕЛГЕ ШАШУ! Медиктер маскасыз әрі арнайы киімсіз жүргенде, министрлік «пиар» үшін миллиондаған қаржы жұмсамақ. Бұл – қазіргі жағдайды ұтымды пайдаланып, ақша жеп қалудың амалы ма?  Саясаттанушылардың өткір пікірі бірер минуттан кейін...
• КОВИДТІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ? Бүгіннен бастап азаматтар еркін түрде жедел тест тапсыра алады. Ол үшін не істеу керек? Құны қанша? Алда айтамыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу