Бүгінгі шығарылымда:
• КОМПАНИЯНЫ ТАРТЫП АЛМАҚШЫ БОЛҒАН! «Азия Авто»-ның басшылығы шенеуніктен қысым көргенін айтып, мүдделі топтың бизнесін қасақана құлдыратып жатқанын мәлімдеді. Дауға Құралай Пионер араласты.
• ПОЙЫЗДАР ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ. Мешітке де баруға болады. Үкімет тағы кімдерге жұмыс істеуге рұқсат бергенін хабар барысында айтамыз...
• ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ! Екпе алмағандар балабақшаға жаңа тәртіппен қабылданбақ. Ал вакцинадан бас тартқан ата-аналар қандай жазаға тартылады? Бұл туралы бірер минуттан соң...
• БӘСКЕ ЖЕКЕ МӘЛІММЕТТЕР ТІГІЛМЕК. Елімізде ставкаларды есепке алу орталығы құрылады. Бұдан кім ұтып, кім ұтылады? Жалғас Зейнолла анықтады.
• АРМАН БА, АҚИҚАТ ПА? Бүгін қызу талқыға түскен «5-10-20» бағдарламасының жобасы таныстырылды. Қалай, қашан және кімдер баспаналы болады? Арай Сүгірбай сәлден кейін түсіндіреді...