13.07.2020 20:00 Басты жаңалықтар

МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛАДЫ. Президент күшейтілген карантиннің тағы да созылатынын айтып, 42 мыңға қатысты пікір білдірді. Ал бизнеске қандай көмек көрсетіледі? Алда айтамыз...

ҚАРАЛЫ ДҮЙСЕНБІ. Қазақ жұрты коронавирус құрбандарын аза тұтып жатыр. Бұл уақытта Шымкенттік дәрігерлерді кім көшеге шығарған? Тынысы тарылған науқастардың қараусыз қалғаны ма? Жалғас Зейнолла  назарына алды. 

ҚАРЫЗДАН – ҚАРЫЗҒА! Қазақстан дүниежүзілік банктен жарты млрд долларға қарыз алмақшы. Не үшін? Қомақты қаражат флешмоб пен роликтерге жұмсалып кетпей ме? Арай Сүгірбай анықтады. 

1 МАНДАТҚА – 5 ҮМІТКЕР. Елімізде сенатор болғысы келгендерді ұсыну аяқталды. Тізімдегі 70 жастағы кандидаттар жұмысқа қаншалықты қабілетті? Депутаттар құрамы толығымен өзгере ме? Жауабы – хабар барысында...

САБАҚТЫҢ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРУЫ МҮМКІН. Оқудың басталуына 1,5 ай қалса да, білімге жауапты министрлік нақты шешім қабылдамай отыр. Оған не себеп? Аймағамбетовтың ұсынған сценарийлері ата-аналарға неге жақпай қалды? Айман Сағатай тарқатады.

Басты жаңалықтар. 13.07.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу