Осы шығарылымнан көріңіздер:
• «ҚазАгроның» басына тағы қара бұлт үйірілді! Бұл жолы холдингтің топ-менеджері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
• 242 млн теңге! Құны осыншама қаржыға тең киік мүйізін елімізден әкетпек болған Ресей азаматы ұсталды.
• Еліміздегі онкологиялық ауруларға душар болған науқастарға тиесілі тегін дәрілер Ресей дәріханаларында сатылуда. Министрлік бұған кімдердің жол бергенін анықтауға кірісті.
• Аузынан жырып отыр. Шенеуніктер мұқтаж жандарды атаулы әлеуметтік көмектен бас тартуға мәжбүрлеуде.
• «Аяла» қоры мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше сый жасады. Бұл туралы алдағы жарты сағатта айтамыз.