Астанадағы ақылы көлік тұрақтарына қатысты дау сотқа жетті. Әкімдік заңсыз алынды деген төлемдер жүргізушілерге қайтарыла ма? Гүлжайна Өмірбек анықтады.
Егіні бітік шыққан Қостанай облысында нан бағасы қымбаттады. Қымбатшылық атыраулықтарды да қыспаққа алды. Мұнайлы өлкедегі халықтың жағдайын Динара Жоламанқызы баяндайды.
Коронавирус қайта өршіп барады. Алматыда кезекші сыныптар жабыла бастады. Ал елорда «сары аймаққа» кірсе де, қоғамдық көліктегі санитарлық талаптар сақталар емес. Жолаушыға лық толған автобустарды Айгерім Бейсембі нысанаға алды.