14.01.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Бүгінгі шығарылымда:

• ҮКІМЕТТІ КІМ ТҮРТІП ҮРКІТТІ? Мамин кетіп, Мәсімов келуі мүмкін бе? Қызметі 11 айға да толмаған Үкімет неліктен оставкаға кетпек? Министрлер кабинетін Құралай Пионер назарына алды.

• ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРГЕ ТЫҚЫР ТАЯНДЫ! Тіркеусіз бір жылдан артық жүрген өзге елдің машиналары ел аумағынан шығарылады. Себебі «Басты жаңалықтарда»...

• ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАН МЕКТЕП! Ақтөбенің білім ошағынан екінші рет мұғалімнің құрт ауыруын жұқтырғаны анықталды. Оқушылар енді қайтпек? Алда айтамыз! 

• ТҰТАС ОТБАСЫ ЖӘРДЕМАҚЫДАН ҚАҒЫЛАДЫ. Бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі. Қандай жағдайда жәрдем беру тоқтатылатынын сәлден кейін толықтырамыз.  

• АСЫҒЫСТЫҚ  ШЫҒЫНҒА БАТЫРДЫ! Атауын бекітілмеген латын қарпіне ауыстырып үлгерген әкімшіліктер қазынаға қосымша салмақ түсіруі мүмкін. Оған кім жауапты? Жаңа латын әліпбиі қандай болмақ? Жалғас Зейнолла анықтап көрді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу