Бүгінгі шығарылымда:
• Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қытай елшісі Чжан Сяоны шұғыл шақыртып алып, наразылық білдірді. Мәселенің мән-жайын тілшілеріміз анықтады.
• Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер COVID-19-ға қатысты ортақ мәлімдеме қабылдады. Президенттер қандай шешімге келгенін сәлден соң айтамыз.
• Құтқарушылар тағы бір апаттың алдын алды. Чернобылдегі орман өрті радиоактивті қалдықтар қоймасына жақын тұста өшірілді.
• Алматы облысының тұрғындары жүріп-тұруға рұқсаттама алу үшін әуре-сарсаңға түсті. Өйткені бұл өңір ертеңнен бастап карантинге жабылады.
• Covid-19 вирусын анықтайтын тегін жедел тест аймақтарға да жеткізіледі. Денсаулығын тексеру үшін алғашқылардың бірі болып сынама тапсырған алматылықпен әріптесім Жания Әбдібек тілдесті.