БҰРЫНҒЫДАН ӨЗЕГЕРЕК. Жаңа ережемен тағайындалатын 42 мың 500 теңгеге кімдер үміттене алады? Жыртықты жамауға келмейтінін түсінген министр неге жәрдемақыны ұлғайтқысы жоқ? Арай Сүгірбай тарқатады.
КІМ СОҢҒЫСЫ? Алматы әкімі Сағынтаев дәріханаларды аралауға кірісті. Не үшін? Хайп па, әлде халықтың дәрі таппай қиналып жүргеніне сенбей ме? Жұмыссыз қалмау үшін әкім-қаралар қандай қадамдарға баруда?
ЖАНАЗА БИЗНЕСІ. Алматыда жерлеу рәсімінің күрт артқаны сонша, тіпті мүрде қазушылар жетіспей жатыр. Мұндағылар жерді қазу үшін 100 мың теңге сұрайтыны қаншалықты рас? Діни қызметкерлер ақыларын қымбаттап жіберген бе?
ТАМАҚТЫ ТОЙЫП ЖЕМЕЙДІ. Жұрттың азық-түлікті тұтыну көлемі айтарлықтай төмендеді. Ішім-жемнің құнын жаңадан құрылатын тамақ комитеті реттей ала ма?
АРНАЙЫ ТАРИФ. Жаңа оқу жылында мұғалім мен оқушы арасындағы қоңырау шексіз болады. Бұл онлайн оқуды жеңілдете ме? Интернет мәслесі қашан шешіледі?