14.10.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында қырылған жылқы саны күн санап артуда. Алайда, бірде-бір мал басына өтемақы берілмейтін болды. Себебін тілшіміз анықтады. 

Серебрянск бейорганикалық зауытының жұмысшылары былтырдан бері жалақы алмаған. Кәсіпорынның жалақы үшін қарызы 40 миллион теңгеге жеткен. 

Атырау облысының оқушыларына жарамсыз планшеттер таратылған. Сондай-ақ 1-ші қазанда келуі тиіс 2 мыңға жуық компьютер мен 16 мыңдай  ноутбук облысқа әлі жеткізілмеген. 

Елімізде соңғы 3 жылда 5 мың автокөлік ұрланған. Депутат көлік шанағы мен қозғалтқыш нөмірінің сәйкестігін тексеру процесінің алынуы ұрлыққа жол ашты деп санайды. 

Шетелден келгендерді ПТР-тесттен өткізуге 34 млн теңге жұмсалған. Ал сынамы тапсыру жуырда қолжетімді болады. Министрлік оның бағасын 22 пайызға дейін төмендетпекші.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу