Осы шығарылымнан көріңіздер:
• Елімізде әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны басып озды. Ал бағаны ауыздықтай алмаған шенеуніктерге Президент қатаң ескерту жасады.
• Алматы облысында 6 млрд теңге әлі күнге игерілмеген. Бюджет қаржысын жоспарлы жұмсай алмай отырған аймақтар көшін: Қапшағай қаласы бастап тұр.
• Павлодар облысының әкімі Маралдыға қатысты дауға түсініктеме берді. Болат Бақауов өңірдегі өзен-көлдің жекенің қолына заңсыз өткенін жоққа шығарды.
• Ақмола облысында инвесторлар жергілікті билік өкілдерін жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр деп айыптауда. Олар бүгін елордада баспасөз мәслихатын өткізіп, бар мәселені жайып салды.
• Илон Маск сертінде тұрды. Нұр-Сұлтанда ТМД аумағындағы ең алғашқы Тесла компаниясының көлік қуаттандыратын ресми бекеті ашылды.