Бүгінгі шығарылымда:
• ПАРЛАМЕНТ ҚҰЗІРЕТІ КҮШЕЙЕДІ. Елбасы Үкіметтің жасақталуында заң шығарушы орган басты рөлді атқару керектігін айтты.
• АРЫС АПАТЫ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН. Елдегі қару-жарақ қоймалары тұрғын үйлер мен жолдар маңында сақталған. Снарядтарды қадағалайтын заң неге әлі қабылданбаған?
• ӘКІМДІК ӘРЕКЕТСІЗ ОТЫР. Елордадағы балконы қисайған «Орбита» кешенінің тұрғындары әлі де үрей құшағында өмір сүруде. Жөндеуге деп бөлінген 18,5 млн теңге қайда кетті?
• ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ШЕТТЕТІЛЕ МЕ? Жауапты министрлік өзге елдің машиналарына қатысты тәртіпті түсіндірді. Сонда кімдердің көлігі елден шығарылады?
• БІРДЕН БЫЛҒАРЫ КРЕСЛО БҰЙЫРМАЙДЫ. Президенттік кадрлық резервке өткендерге Тоқаев ескерту жасады. Олар неге сынның астында қалды?