15.07.2020 20:00 Басты жаңалықтар

ЖАРЫМАСАҚ ТА, ЖАРЫЛҚАМАҚПЫЗ. Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жібермек. Өзімізге жетпей жатқанда, құрылғылар қайдан алынады? 

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА БАРҒАН. Отандық банктерге 47 млн теңгенің айыппұлы салынды. Қай қаржы институты халықты алдап-соққан? Үстемақыны артығымен төлеттірген бе?

ТӘРТІБІ ҚИСЫНҒА КЕЛМЕЙДІ. Аружан Саин 42 мың 500 теңге бала санына қарай тағайындалуы керектігін айтты. Ал перзент сүймеген жас отбасылар жәрдемсіз қалуы мүмкін бе? 

Армения мен Әзербайжан арасындағы шиеленіс өршіп барады. Үш күн қатарынан шекаралық аймақта болған қарулы қақтығыстан 15 сарбаз көз жұмды. Оқиға жайында алда айтамыз. 

ҚҰЙРЫҚМАЙ САУДАСЫ ҚЫЗДЫ. Қала базарларында Шопан атаның төлі 100 мыңға дейін шарықтап шыға келді. Төрт түлік малдың құны неге реттелмейді?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу