ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР! Семейде айлап жалақы алмаған автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Тұтас қалада қоғамдық көлік тоқтап, қақаған аязда тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады. Бұл жағдай қашанғы жалғасады?
ҚАРА БЕЛБЕУІ ШЕШІЛДІ! Маңғыстауда шәкіртін бір емес, бірнеше рет зорлаған каратэ-до жаттықтырушысы сотталды. Ол абақтыдан құтылып кетті ме? Сот сотталушының бұрын сотталмағанын, қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, осы бапта көзделген жазаның орташа деңгейін тағайындаған.
Ал волейбол жарысында жас қызды оңдырмай ұрған бапкердің ісі жабулы күйінде қала ма?
ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ҚҰНЫ – 45 МЛН ТЕҢГЕ! Павлодар әкімдігі осынша сомаға компьютерлік бағдарламаны сатып алды. Бұл ақша үнемдеудің жолы ма? Әлде қаржыны тиімсіз жұмсау ма?
СЫМНЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР. Министрлік үйлердегі ескірген электр желілерін су тегінге жаңартып беруі мүмкін. Қашан?