Бүгінгі шығарылымда:
• БЕРСЕҢ, ҚОЛЫҢНАН; БЕРМЕСЕҢ, ЖОЛЫҢНАН! 42 мың теңгелік жәрдемақыны заңсыз алғандар темір торға жабылады. Үкімет байып қалғысы келгендерді қалай анықтамақшы? Алмас Амангелді айтып береді...
• НЕ ІСТЕРІН БІЛМЕЙ ОТЫР. Мыңдаған жолаушыға әуе билеттерінің ақысы әлі қайтарылмады. Өздері шығынға ұшырағанда әуе компаниялары 4 млрд теңгені өтей алмай, клиенттер ақшасыз қалуы мүмкін бе? Арай Сүгірбай анықтады.
• КАРАНТИНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ. Әкімдік қызметкерлері блок-бекеттен өткізу үшін ірі көлемде пара алған. Инфекцияны таратқаны үшін де жазаға тартыла ма? Бұл туралы сәлден кейін...
• ҚОРШАУҒА АЛЫНДЫ! Елордада тұтас бір аудан карантинге жабылды. Қай үйлерге шектеу енгізілді? Мұндағы тұрғындардың емін-еркін сыртқа шығып жүргені рас па? Жауап – хабар барысында.
• БАЙЛЫҚТЫҢ БУЫ МА, ӘЛДЕ АЖАЛҒА АРАША БОЛА МА?! Пандемиядан үркіп қалған жұрт жаппай бункерлерге қоныстанып жатыр. Қай өңірде? Алда айтамыз...