16.11.2020 20:00 Басты жаңалықтар

ЯНДЕКСТЕН ШИ ШЫҚТЫ! Такси жүргізушісі жолаушының қолын тілгілеп тастаған. Арнайы тапсырыспен шақырылған көліктермен қатынау да қауіпті ме? Жүргізушілердің ақыл-есі қалай тексеріледі? 

ЖОМАРТҚА ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТПАДЫ. Халықтың жиған-тергенін ұрлаған экс-банкир Ертаевқа бүгін сот үкім кесті. Сотталушы мыңдаған салымшының жымқырған ақшасын қашан қайтарады? Осы іске қатысы бар Алматы әкімі Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы жазадан құтылып кетті ме? 
 
ТІРІЛГЕНІ ӨЛДІ, ЖАНҒАНЫ ӨШТІ! Маңғыстауда балапандар жаппай қырылып жатыр. Шығынға батқан шаруалар неге қуат көзіне жауапты мекемені айыптауда? Ақыр соңында, жұмыртқадан айырылған құс өсірушілер өтемақысыз қалуы мүмкін бе? 

КАЛЬМАР КІНӘЛІ МЕ? Қарағандыда теңіз өнімін өз үйіне алдыртқан балабақша басшысының басы дауға қалды. Директордың балаларға арналған тамақтарды үйіне тасығаны қаншалықты рас? Бейбіт заманда қызметкерлерін құл ретінде көрген басшы жазаланбай отыр ма? Алда айтамыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу