Бүгінгі шығарылымда:
• ЕЛОРДАНЫҢ АСТАН-КЕСТЕҢІ ШЫҒА ЖАЗДАДЫ! Ақ түтек боран салдарынан әуе рейстері тоқтатылып, тіпті, ондаған үй жарықсыз қалды. Үсіп қалғандары да бар.
• ЖЕР МӘСЕЛЕСІ УШЫҚТЫ! Кәсібін дөңгелеткен фермерлердің жер учаскелерін әкімдіктер тартып алуда. Онсызда мандымай тұрған ауыл шаруашылығының ендігі тағдыры не болмақ?
• МИТИНГКЕ РҰҚСАТ! Алматыда бейбіт шеру өткізуге арналған тағы бір орын анықталды. Қандай жиналыстарды ұйымдастыруға шектеу қойылған?
• ЖҰЛДЫЗДАР ЖАЛАҚЫҒА ЖАРЫМАЙ ЖҮР! Әнші Мейрамбек Бесбаев «бұрынғы басшылық қоқан-лоқы көрсетіп жатыр» деп депутатқа айып тақты. Зағипа Балиеваның қандай уәжі бар?
• ЖАЛАҚЫСЫЗ 11 ЖЫЛ! Атыраулық тұрғын жедел жәрдем стансасында тегін жұмыс істеуде. Қаржыгер маман не себепті мұндай қадамға барды?