17.11.2020 20:00 Басты жаңалықтар

АЛТЫНҒА ТОЛЫ ҚОРЖЫН! Сот экс-банкирлер Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимнен 59 млрд теңгені өндіріп алды. Құны 3,5 млрд теңгелік ұшағы да, Мәскеудегі пәтері де тәркіленді. Сотталғандардың қымбат коттедждері мен көліктері, алтын сағаттары туралы сәлден соң....

ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНГЕННІҢ КЕРІ! Павлодар облысының Баянауыл ауданында жұмысшылар жалақысын ала алмауда. Әкімдік те, мердігер де ақшаны төлесе, қаржы қайда кеткен? Айлакердің өздерінің араларынан шыққаны ма? 

ҚАУІПТІ МЕКТЕП. Түркістандық оқушылар әне-міне құлағалы тұрған ғимаратта оқып жатыр.  Оқушыларға қауіп төнбейтін сабақ қашан өтеді?  

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛАМЫЗ БА, ЖОҚ ПА?! Елімізде әлі күнге дейін мемлекеттік қызметтердің тек 85 пайызы ғана электронды форматта беріледі.  Бір тілім қағазға бола ел тұрғындары шегі жоқ кезекте тұрып қашанғы қинала береді? Алда айтамыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу