Бүгінгі шығарылымда:
• 72 сағат! Алматыға кіруге және қаладан шығуға осынша уақыт берілді. Өйткені шаһар толықтай жабылады.
• Елорда қоршауға алынды! Астанаға кіреберіс жолдардың барлығына блок-посттар қойылып, қала маңындағы 7 елдімекен де карантин аймағына енді.
• Коронавирус қаупі күшейді! Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 36-ға жетті. Олардың басым көпшлігі шетелден келгендер.
• Бетперде іздегендердің назарына! Алматы мен Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды шекті бағамен сататын дәріханалардың тізімі жарияланды.
• Карантин кезінде кім қалай жұмыс істейді? Қызметін үйде атқаратын азаматтарға жалақысы 100 пайыз төленеме? Жауабы алдағы жарты сағатта.